09 қыркүйек 2015 13:30

Алкоголь галлюцинациясы омарташының өліміне әкеп соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аrtleo.com © Аrtleo.com

Шығыс Қазақстан облысында алкогольден болған галлюцинация омарта иесінің өліміне әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында алкогольден болған галлюцинация омарта иесінің өліміне әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты омарта иесін өлтіргені үшін айыпталған ара бағушыға қатысты қылмыстық істі қарады.

Соттың баспасөз қызметі істің мән-жайын хабарлады. Сотталушы ер адам омартада ара бағушының көмекшісі болып жұмыс істеп, вагоншада тұрған. Биыл маусымда омартаның иесі келеді.Алкогольді ұзақ уақыт пайдаланғандықтан галлюцинация басталады. Ер адам қолына қару алып, вагоншаның ішін аралайы, тіпті оқ та атады.

Ара өсіруші омартаны тастап, ол жерге үш күннен кейін оралған. "Ара бағушы омарта иесінен галлюцинация болды ма деп сұрайды. Оған ашуланған омарта иесі төсегінен тұрып, қаруын кезейді. Бұл кезде ара бағушы иесіне бірнеше соққы беріп, оқ атады. Алған жарақаттан омартаның иесі қаза тапты", - деп хабарлады соттың бспасөз қызметі.

Соттың қаулысымен ара бағушыға сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ол жазасын қатаң режимдегі түзету колониясында өтейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети