06 маусым 2017 10:18

Алмалы ауданының ІІД көші-қон полиция басқармасының экс-бастығы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sm News © Sm News

Алматыда бұрын Алмалы ауданының ІІД көші-қон полиция басқармасының бастығы болған адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.


Алматыда бұрын Алмалы ауданының ІІД көші-қон полиция басқармасының бастығы болған адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

"Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабы 3-бөлігімен (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 366-бабы 4-бөлігімен (пара алу), 361-бабы 2-бөлігімен (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) сотқа берілген Алмалы ауданының ІІД көші-қон полиция басқармасының бастығы Т.Арғынбековке, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабы 2-бөлігімен (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 28-бабы 5-бөлігі, 366-бабы 4-бөлігімен (пара алуға көмектесушi)сотқа берілген М.Ханға, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 267-бабы 2-бөлігімен (пара беру) сотқа берілген А.Гордиюкқа қатысты қылмыстық іс қаралып, аяқталды", - делінген соттың хабарламасында.

Сот Алмалы ауданының ІІД көші-қон полиция басқармасының бастығы Т.Аргынбеков 2016 жылдың наурыз-қараша аралығында М.Ханмен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, бірнеше рет үлкен көлемде жалпы сомасы 2 836 200 теңге ақша түрінде параны шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметін қорғаншылығы үшін алғандығы анықталған. Сонымен қатар, М .Хан делдалдық қызметін көрсеткен.

2016 жылдың сәуірінен қазанына дейін Алматы қаласында орналасқан "Базилик" асханасының басшысы А.Гордиюк Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған, яғни лауазымдық тұлғаға жалпы сомасы 1 500 000 теңге болатын үлкен көлемдегі пара берген.

Сот үкімімен Т.Арғынбеков Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 261-бабы 2-бөлігімен, 366-бабы 3-бөлігі 2,4-тармағымен мүлкі тәркілене отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сондай-ақ сот оның арнайы атағынан - полиция подполковнигінен айырған.

М.Хан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабы 5-бөлігімен, 366-бабы 3-бөлігі 2,4-тармақтарымен мүлкі тәркілене отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сот Т.Арғынбеков пен М.Ханның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтық құрамы болмағандықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабы 2-бөлігі бойынша ақталған.

Сот "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағына сәйкес сотталғандарға Т.Арғынбековке өтелмеген жаза бөлігін қысқартылып, оған түпкілікті 8 жыл 2 ай мерзімге, ал М.Ханға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сотталушыларға жазаларын орта қауіпсіздік жүйесінің қылмыстық-атқару мекемелерінде өтеу белгіленді.

Гордиюкке ҚР ҚК-нің 367-бабы 2-бөлігімен мүлкі тәркіленіп, параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл (45 000 000 теңге) салуға жазаланған.

Сондай-ақ сот жоғарыда айтылған барлық тұлғаларға мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында  лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырған.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети