Алматы әкімдігінде қамалып алған ер адам бұрын сотталған болып шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматы қалалық әкімдігінің ғимаратына кіріп, кабинеттердің бірінде қамалып алған ер адам бұған дейін ұрлық жасап, сотталған болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады. Оның мәліметі бойынша, қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық әкімдігінің ғимаратына кіріп, кабинеттердің бірінде қамалып алған ер адам бұған дейін ұрлық жасап, сотталған болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады. Оның мәліметі бойынша, қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін ер адамда жарылғыш зат болғаны хабарланды. Осыған байланысты алаңды полиция қоршап, Алматы әкімдігіне арнайы жасақ пен саперлер келді. Ер адам ұсталды. Полиция жарылғыш зат туралы мәліметті растаған жоқ. Әзірбектің айтуынша, ұсталған азамат 37 жаста. Ол қаланың Түрксіб ауданында тұрады. Қазір ол түсінік беріп жатыр. 

Бұған дейін өзін Евгений деп таныстырған ер адам бірнеше телеарнаға қоңырау шалып, кәсіпкер екенін және Алматы жоғарғы жалпы әскери командалық училищесінде қызмет еткенін хабарлағаны анықталды. Ол өзінің аты-жөнін толық айтудан бас тартты. Алматы әкімдігінде ұсталған ер адамның айтуынша, ол бұл әрекетімен осыдан бірнеше жыл бұрын шығарылған сот шешіміне наразылығын білдіргісі келген

Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні таңертең Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты қоршауға алынды. Сонымен қатар, оған қарама - қарсы орналасқан республика алаңындағы кеңсе қызметкерлері эвакуацияланды. Онда ірі БАҚ-тардың редакциялары орналасқан. Кейін мемлекеттік орган қызметкерлері мен журналистерге жұмыс орындарына оралуға рұқсат берілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer