01 қыркүйек 2017 15:05

Алматы әуежайында ер адам есірткімен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайында ер адам есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы әуежайында ер адам есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйекте таңғы сағат 06:10-да Алматы әуежайының жолаушылар терминалында "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ тексеру бөлімшесінің қызметкерлері "Эйр Астана" АҚ әуекомпаниясының "Алматы-Атырау" рейсімен ұшпақшы болған жолаушысының қалтасынан жасыл түсті белгісіз бір затты тапқан", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, осы жағдайдың құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, ҚР мемлекеттік органдарына және әуежайдың басшылығына жеткізілгені айтылады.

Полиция қызметкерлері ұсталған ер адамға қатысты алғашқы тергеу жұмыстарын жүргізді. Ер адамның жүгі тексерілді. Тексеріс нәтижесі бойынша ер адамнан басқа да тыйым салынған заттар табылмады. Қажетті іс-щаралар жүргізілген соң ер адам Желілік Ішкі істер бөліміне жеткізілді.


© Алматы әуежайының баспасөз қызметі жолдаған сурет

Сондай-ақ, Алматы әуежайының өкілдері тексеріс жүргізетін жабдықтарды жетілдіру керектігін айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети