20 мамыр 2015 15:49

Алматы балабақшасындағы жол апаты: Мекеме жұмысында кінәрат болмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Роза Есенқұлова © Роза Есенқұлова

Алматыда қоршауына көлік соғылған балабақша жұмысында кінәрат болмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлбану Әміртаева хабарлады. Еске сала кетейік, оқиға салдарынан бір бала көз жұмып, сегізі жарақат алды.


Алматыда қоршауына көлік соғылған балабақша жұмысында кінәрат болмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлбану Әміртаева хабарлады. Еске сала кетейік, оқиға салдарынан бір бала көз жұмып, сегізі жарақат алды.

Оның айтуынша, балабақша басшылығынан толық мәлімет сұралған. "Оларда заң бұзушылық болған жоқ. Төтенше жағдай жағынан да, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жағынан да. Құрылыс нормалары жағынан да оларда талап бұзылмаған", - деді ол. Еске сала кетейік, жол талғамайтын көлік балабақшаның қоршауы мен балалар алаңын қиратты. "Балабақша 2010 жылы күрделі жөндеуден өткен, күркелер де сол кезде қойылған", - деді ол. Оның мәліметінше, көлікті басқарған әйелге шығынды өтету мәселесі қаралып жатыр. "Талап етілетін шығар. (шығынды өтету - Авт.) Қазір бірінші орында балалардың денсаулығы мен психологтардың жұмысын үйлестіру тұр", - деді ол.

Оқиғаға қатысты "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына кінәлі әйел 5 жылға сотталуы мүмкін. Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы бүгін, 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Жүргізуші әйел ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Toyota Land Cruise автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі ІІД-нің уақытша ұстау изоляторында отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети