21 ақпан 2017 17:35

Алматы қалалық МКД өкілдері кедендік бақылау бекеті бөлімі басшысының ұсталуына қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасындағылар кедендік бақылау бекеті бөлімі басшысы Станислав Шегайдың ұсталуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасындағылар кедендік бақылау бекеті бөлімі басшысы Станислав Шегайдың ұсталуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқармадағылардың айтуынша, 45 жастағы Станислав Шегай 2016 жылдың 20-25 қазан аралығында 3 000 долллар көлемінде қаражат алған.

"2017 жылдың 20 ақпанында Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен Алматы қалалық МКД қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында кедендік бақылау бекеті бөлімі басшысы Шегай Станислав Валерьевич (28.04.1972 жылғы) 3 000 доллар бопсалады деген күдікпен ұсталды. Ол кәсіпкерден 5,5 миллион тенге мөлшеріндегі анықталған кеден бажын өндіріп алу және қайта есептеу бойынша шараларды қолданбау үшін 3 мың доллар пара алғаны үшін күдікті деп танылды", - деді қалалық МКД өкілдері.

"Бұл дерек бірыңғай тергеу реестріне тіркеліп, жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттегілерге жолданды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қалалық МКД  түсіндіру жұмыстары басқармасындағылар.

Ұсталған ер адам Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар пара алды деген күдікпен бірнеше лауазымды тұлғаны ұстағаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети