Алматы қонақүйінде баланы өлтіру ісі. Ұлыбритания азаматы қамауға алынды

28 Қазан, 16:00
0
Алматы қонақүйінде баланы өлтіру ісі. Ұлыбритания азаматы қамауға алынды -

Алматы соты қаладағы InterContinental қонақүйінде бір жарым жасар сәбиді өлтірді деген күдікпен шетел азаматына бұлтартпау шарасын таңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Күдікті Ұлыбритания азаматы екені белгілі болды. Болжаммен, ол өз қызын өлімші етіп ұрып-соққан. Ол екі айға қамауға алынды. 

"26 қазанда сот санкциясымен күдікті екі айға қамалды. Ұлыбритания азаматы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы ("Адам өлтіру, кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан") бойынша күдікке ілінді", - делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында. 

Айта кетейік, 24 қазанда таңғы уақытта әкесі бір жарым жастағы қызын өлімші етіп ұрып-соққан. Басында ер адамның баланы қылғындырғаны айтылды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай