17 сәуір 2017 19:36

Алматы маңында 8 жастағы қызды зорламақшы болған күдіктіні қамауға алу туралы шешім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

иллюстрациялық сурет иллюстрациялық сурет

Сот Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 32 жастағы тұрғынына қатысты қамауға алу туралы үкім шығарды, ол Түрген ауылында 8 жастағы қызға шабуыл жасады деп күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сот баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 


Сот Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 32 жастағы тұрғынына қатысты қамауға алу туралы үкім шығарды, ол Түрген ауылында 8 жастағы қызға шабуыл жасады деп күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сот баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 

"Еңбекшіқазақ аудандық соты аудан прокурорының күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану туралы арызын қарастырды. Сот Еңбекшіқазақ ауданының 1985 жылғы ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Көрінеу жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша айыпталған күдіктіні қамауға алу туралы үкімін шығарды", - деді баспасөз қызметіндегілер. Осылайша ер адам алдағы екі айын қамауда өткізеді. 

Еске салайық, 2008 жылғы қызға Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылының маңында шабуыл жасалған болатын. 32 жастағы жергілікті тұрғын қызды зорлағысы келді деген күдікпен ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. "Құқық қорғау органдарына қыздың ата-анасынан 14 сәуірде кешкі уақытта арыз түсті. Арызда олар қыздарына қатысты құқыққа қайшы әрекет жасалғанын айтқан. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер") тергеу жүріп жатыр. Тергеу шараларын Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Еңбекшіқазақ ауданының 1985 жылғы тұрғыны", - деп хабарлаған еді осыған дейін полицейлер. Облыстық ІІД өкілдері осы іс бойынша барлық қажетті сараптаманың тағайындалғанын хабарлады.

Ал кейін Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасының директоры Ролан Нұрбаев қыздың жағдайын айтып берген еді. "Қазіргі уақытта ол бізде ем алып жатыр, негізгі диагноз бас сүйек миы зақымданған, миы шайқалған, көз алмасы зақымданған. Оған неврологиялық салада көмек көрсетіліп жатыр. Біз психологиялық көмекте көрсетіп жатырмыз. Психолог күн сайын онымен жұмыс істейді", - деп хабарлаған болатын Нұрбаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети