15 қыркүйек 2017 11:14

Алматы маңында фармацевт әйелді өлтірген адамға жаңа айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Өз әйелін дәріханада пышақтап өлтірген Азамат Құлымбетовқа жаңа айып тағылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.


Өз әйелін дәріханада пышақтап өлтірген Азамат Құлымбетовқа жаңа айып тағылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Еске сала кетейік, биыл қыста "Асыл арман" ықшамауданындағы дәріxаналардың бірінде фармацевт болып жұмыс істейтін Жанар Насырова қапыда қаза тапқан еді. Жас келіншекті өзінің 12 жыл отасқан күйеуі бірнеше жерінен пышақтап, айуандықпен өлтіріп тастаған. Қанды қылмыс дәріхана ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған еді. Кейінірек әйелді өлтірді деген күдікпен оның 34 жастағы күйеуі Азамат Құлымбетов ұсталған еді.

Осыған дейін сотта Құлымбетовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған болатын. Сол кезде пышақ салған ер адам сотта өз ісін түсіндірген болатын.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер сот отырысы барысында ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Адам өлтiру", аса қатыгездiкпен жасалған) бойынша жаңа айып тағылғанын хабарлады.

"Қылмыстық іс қайта қаралатын болады. Прокурор Құлымбетовқа жаңа айып тақты, жаңа айыптау актісі дайындалды. Алдын ала сот отырысы 19 қыркүйекке белгіленді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети