26 шілде 2019 09:21

Алматы мен Шымкентте арнайы операция кезінде кімдер ұсталды?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© knb.gov.kz © knb.gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын сатумен айналысқандарды қолға түсірген, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 


Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын сатумен айналысқандарды қолға түсірген, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 

Қылмыстық топқа қатысы бар Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары ұсталды. Арнайы операция барысында 8 Калашников автоматы мен 2 тапанша тәркіленген. Күдіктілер қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді ел аумағында заңсыз алып жүріпті. Елге қауіп төндіргендердің тағы қандай жоспары болған?

Апта ортасында ғаламторда таралған видео көптің қызығушылығын тудырды. Видеожазбаға қатысты түрлі пайым жасағандар көп. Осыдан біраз жыл бұрын "сыра патшасы" атанған Тоқтар Төлешовті құрықтау операциясының қалай жүргізілгенін шымкенттіктер әлі ұмытпады. Бұл жолы да кезекті операция жұртты елең еткізді. Сан сауал мен күмәнді ойларға қатысты нақты жауапты Ұлттық қауіпсіздік комитеті берді. Құпия қызмет өкілдері оңтүстікте заңсыз қару саудасымен айналысқандарды ұстағанын мәлімдеді.

Тапа-тал түсте қару-жарақ саудасына қатысты ұсталған ер адамның аты-жөні - Константин Дрейлинг. Жасы 33-те. Бұзақылық жасағаны үшін бұрын екі рет сотталған. Ол арам ойын жүзеге асыру кезінде үнемі қару-жарақ асынып жүреді екен. Мұнысы полицейлерге әуелден аян. Сондықтан түрмеден шықса да көзден таса қалдырмапты. Бекер қауіптенбеген екен.

"АК-47 автоматының жаңа моделін сатамын. Оған сұраныс көп. Әсіресе, пластиктен жасалған нұсқасы ыңғайлы", - деді күдікті Константин Дрейлинг.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақ контрабандасымен айналысатындарды тыңғылықты зерттеген. Константин Дрейлинг ұйымдасқан қылмыстық топтың белді мүшесі. Басқаша айтқанда, Шымкентте отырып қару-жарақ сатып алушылармен байланысқа шыққан. Автомат, тапанша іздегендермен тікелей келіссөз жүргізіпті. Дәл осыған ұқсас операция Алматыда Президент сайлауының алдында өтті. Маусымда Жұмаевқа соққы беріліп, гранаталар, оқ-дәрілер мен пулеметтер тәркіленді. Қару-жарақ сатушы 1 тапаншаны 600 долларға бағалаған. Бұл кұдды бір боевик фильмдердегі көріністі еске түсіреді. Артынша мафияның басшысы мінген көлік дереу тоқтатылып, өзі тергеу изоляторына тоғытылды. Ал Шымкентте ақ машинада отырғандар өздерінің ізіне Ұлтық қауіпсіздік комитеті түскенінен бейхабар.

Қылмыс әлемінің серкесі Руслан Ибрагимов тырп етпестен ұсталды. Ал оның Ёська есімді досы түрмеде отыр. Бұрын екеуі оңтүстіктегі бизнесмендерді қорқытып-үркітіп ақша алып, кейбіріне "қарызын қайтаруға" көмектескен. Салафиттерге қосылған Ибрагимов қару-жарақ саудасын қыздырған. Оны аңду ісі ұзақ жүргізіліпті. Тіпті оны өзі сезбеді. Жан-жақтан жинастырылған айғақтар оған ауыр жазаға тағайындауы мүмкін. Видеода ол клиентке Калашников автоматын 3000 долларға сатып отыр. Гранатаның құны - 50 мың теңге. Оған қоса атыс-шабысты үйрету тегін.

Ақшаны қалтаға басқан Ибрагимов клиентке барлығын тәптіштеп түсіндіріп әлек. Тіпті гранатаны қалай лақтыратынын да қолымен көрсетіп өтті. Мұның бәрі жасырын камераға жазулы. Ал, сақалды Юрий Разин де қару сататындардың бірі. 31 жастағы шымкенттік тұрғын қаланың қақ ортасында сатқан автоматтардың жарты ақшасын алып жатқан жерінде ұсталды. Оған дейін тапсырыс берушімен жарылғыш заттарды жеткізетінін талқылады. Сұранысқа ие Калашников автоматын әкелуге 3 апта кететін де жасырмады.

"Заңсыз қару-жарақ жинаумен айналыстым. Көбіне Руслан Ибрагимовке Калашников автоматын саттым. Кінәмді мойындаймын. Бұл ісіме шын өкінемін", - деді күдікті Юрий Разин.

Заңсыз қару сатумен айналысатындар сатқан құралдарда есеп жоқ. Таралып кеткен арсеналмен елде соғыс ашуға болады. Бұл жағдай бәрін алаңдатады. Сондықтан еліміздегі барлық қалада ұлттық қауіпсіздік комитеті күні-түні жедел операция жүргізіп жатыр. Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ пен Алматыда Исмаил Жұмаевтың тағы бір сыбайласы қолға түсті.

"Сәкен Борановқа қару-жарақты тасымалдап отырдым. Исмаил Жұмаевқа 13 тапанша саттым. Кінәмді толық мойындаймын", - деді күдікті Назир Бекиров.

Бейбіт елде жаппай қаруланғандардың түпкі пиғылы қандай? Оны сатып алғандар қылмыстық, діни немесе саяси топтың серкелері ме? Бірнеше қаладағы жедел операциядан кейін туындаған басты сұрақ осы. Әзірге оны ұлттық қауіпсіздік комитеті құпия ұстап отыр.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети