1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматы наубайханасында қызыл кітапқа енген сексеуілмен кәуап пісіргендер анықталды

Алматыдағы наубайханалардың бірінде қызыл кітапқа енген сексеуілді пайдалану дерегі анықталды: оным пешке жаққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Розыбакиев - Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан наубайханада қызыл кітапқа енген сексеуілді заңсыз сатып алып, қолданған. Экологиялық рейд барысында түсірілген видеода шатырдың астында ағаш пен сексеуілдің жиналып тұрғанын көруге болады. 

"Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері сексеуілді заңсыз жағу деректерін анықтады. Қарағаштың үйілген. Оның артына сексеуілды жасырған, бірнеше текше метр. Сексеуіл бізде қызыл кітапқа енген ағаш, бұл үшін 339-бап бойынша қылмыстық жауапкерішілікке тартылады. Бізде қараағаш пен сексеуілді пайдалану - бұл барып тұрған бассыздық. Пайда үшін орманды шауып тастауға даяр, ал орман қайтып қалпына келіп жатқан жоқ", - деді Тимур Елеусізов. 

Мекеме иесінің айтуынша, сексеуілді сатқан адамдардың рұқсат қағазы болған. Наубайхана иесі "бір жолға" кешіруді сұрайды. 

"Қылмыстық кодексте 339-бап бар "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу". Бұл үшін үш жылға бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

"Заң бойынша көк жігерді пайдалануға тыйым салынған, ал шіріген отынды жағуға рұқсат. Бірақ видеода көк жігерді пайдаланғаны көрініп тұр. Ол ұзақ жанады әрі қызуы да мықты. Бұл өсімдік мекмлекет қорғауында тұр", - деді эколог Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында. 

"Полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы мемлекетке келтірілген залалды өлшеу және бағалау үшін сексеуілді тәркіледі. Бостандық аудандық табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің басшысы Қуаныш Жайсанбаевтың айтуынша, үш тонна сексеуіл тәркіленген. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Егер осы жағдай қайталанатын болса, иесіне 7 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынады не жеті жылға бас бостандығынан айырылады. 

Доллар қымбаттап жатыр