07 қыркүйек 2019 14:16

Алматы облысы құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің "Алматы облысының құрылыс басқармасы" ММ заң бөлімінің бұрынғы басшысы Е. Б. Бисерікке қатысты жүргізген сотқа дейінгі тергеу нәтижесі бойынша, оның мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың тізіліміне енгізуге арналған өтінімді жіберу мерзімін жосықсыз  ұзартқаны үшін жеке компания басшылығынан 1,5 миллион теңгеден астам мөлшерде пара алғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, компанияның 3,5 миллион теңге мөлшерінде ақшасын алаяқтық жолмен алғаны, 8,5 миллион теңге мөлшерінде қаражат ұрлағаны үшін, сондай-ақ, мамандандырылған экономикалық соттың судьяларына 3,5 миллион теңгеден астам мөлшерде және облыстық құрылыс басқармасының басшысына 8,5 миллион теңге мөлшерінде пара бергені анықталды.

Талдықорған қалалық соты Бисерікті алаяқтықтық жасап, пара алғаны және пара беруге арандатқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы енді өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети