12 маусым 2019 11:24

Алматы облысында 6 жасар қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 6 жасар қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында 6 жасар қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Алакөл ауданында тіркелген. 11 маусымда ауылдардың бірінен баланы зорлауға әрекет жасап, шабуыл жасады деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталды.

Ер адам алдау жолымен дәрі-дәрмектерді жинау сылтауымен алты жасар қызды ауылдың шетіне алып кеткен. Ол сонда қызды зорламақшы болған. Абырой болғанда, бала айғайлай бастаған оның дауысын жергілікті тұрғындардың бірі естіп қалған. Ауыл тұрғындары көмекке асығып, қыздың киімін жұлып алған педофилді ұстаған. 

"53 жастағы ауыл тұрғыны бірден ауыл учаскелік полиция қызметкерін шақыртып, күдіктіні полиция қызметкері келгенге дейін ұстап тұрды. Қыз тірі және зардап шеккен жоқ. Педофил ойын іске асыра алған жоқ. Қазіргі уақытта күдікті Алакөл аудандық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жас баланы зорлауға оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",-деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Ведомствода күдіктіні ұстауға көмектескені үшін өңір полицейлері құтқарған ауыл тұрғынына алғыс білдіруді жоспарлап отырғандарын жеткізді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети