31 қазан 2016 11:58

Алматы облысында аудандық ішкі істер бөлімінің басшылары қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, екі қызметкердің жұмыстан босатылғаны белгілі болды.


Алматы облысының Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, екі қызметкердің жұмыстан босатылғаны белгілі болды.

"Алматы облыстық ІІД басшысының бұйрығымен 2016 жылдың 13 қазанында тергеу жөніндегі Жамбыл аудандық ІІБ басшысы мен кезекші бөлімнің басшысы жұмыстағы түрлі кемшіліктеріне байланысты қызметінен босатылды", - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев редакция жолдаған сауалға берген жауабында.

Сондай-ақ, Жамбыл аудандық ІІБ басшысының 3 қазаннан бері ауруханада жатқаны белгілі болды.

"Жамбыл аудандық ІІБ басшысының ауруханада ем алып жатуына байланысты Алматы облыстық ІІД басшысының бұйрығымен 3 қазаннан бастап бұл қызметке уақытша полиция подполковнигі Махатов М.М. тағайындалды", - делінген ҚР ІІМ өкілдері берген жауапта.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети