03 мамыр 2019 17:32

Алматы облысында ауылдастарын пышақтаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Риа56 © Риа56

Алматы облысында полицейлер Еңбекшіқазақ ауданының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Ол мас күйде үш ауылдасына пышақ ұрған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мамырдың 1-нен 2-не қараған түні Малыбай ауылында үш адамның пышақ жарақатымен ауруханаға түскені туралы хабар түскен. Оқиғаның-мән жайын анықтаған полицейлер, осы ауылдың тұрғыны ас бөлмесінің пышағымен үш адамға жарақат салған.

"Жедел іздеу шаралары барысында күдікті ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Күдікті мас күйде зардап шеккендермен ерегескені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдер.

Тәркіленген ас бөлмесінің пышағы іс материалына заттай айғақ ретінде тапсырылды. Ер адам аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети