Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматы облысында аяусыз ұрып-соғу ісінен кейін дүкеннен ойын автоматтары тәркіленді

01 Ақпан 2016, 17:16
0
© Алматы облыстық МКД баспасөз қызметінің жолдаған суреті
© Алматы облыстық МКД баспасөз қызметінің жолдаған суреті

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері ер адамды аяусыз ұрып-соғу оқиғасынан кейін дүкеннің қызметін тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық МКД алдын алу және бақылау басқармасының бас маманы Мырзахан Жақсылыққа сілтеме жасап.

"Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, нақтырақ айтсақ, Алматы облысындағы Қарасай ауданы Жаңашамалған ауылындағы "Салтанат" дүкеніндегі ойын автоматтарын тексеріп жатыр. Шара барысында бес ойын автоматы анықталды. Қазіргі уақытта бұл дерек Сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша тіркелді", - деп хабарлады департаменттегілер.


© Алматы облыстық МКД баспасөз қызметінің жолдаған суреті

Еске салайық, осыған дейін Алматы облысында дүкендердің бірінде аяусыз ұрып-соғу оқиғасы бейнеленген видеодағы адамдардың іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Кадрлардан ойын автоматтары орнатылған азық-түлік дүкенінде қолы қан ер адамның арлы-берлі жүргенін көруге болады. Ал сатушы әйел оның ашуын басқысы келеді және еденге қан шашпауын сұрайды. Ер адам ашуға булыққан, соған қарағанда бір автоматты сындырған сияқты. Бірер уақыт өткеннен кейін дүкенге тағы бір ер адам кіреді, ол ойын автоматтарының иесі делінеді. Ол кіріп келіп, ер адамды ұрып құлатады, кейін жатқан жерінде тағы да соққы жасайды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай