28 ақпан 2016 20:51

Алматы облысында екі ер адам ірі көлемді есірткі заттарымен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында екі ер адам ірі көлемді есірткі заттарымен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында екі ер адам ірі көлемді есірткі заттарымен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі заттары "Алматы-Бішкек" автожолының 59-шақырымында орналасқан бақылау бекетінде табылды. Полицейлер жалпы салмағы 22 келіден асатын есірткі заттарын тәркіледі.

"Есірткі заттары жалпы тексеру кезінде Lada Priora автокөлігінен табылды. 22 келіден асатын гашиш пен 5 грамм марихуана автокөліктің жүксалғышына жасырылған. Күдікті ретінде 26 жастағы жүргізуші мен 31 жастағы жолаушы ұсталды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, ұсталған екі ер адам Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғындары, олар қазір қамауда отыр. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети