12 қараша 2019 13:22

Алматы облысында жарылғыш заттарды сатқандарға сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© knb.gov.kz © knb.gov.kz

2019 жылғы 6 тамызда Алматы облысы Кербұлақ ауданының соты РГД-5 жауынгерлік гранаталарын және оларға тұтатқыштарды өткізумен айналысқан адамдар тобына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Топқа қатысушылар ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі, 361-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемесінде өтеумен 3 жылдан 3,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада. 

2019 жылғы мамырда ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатуға қатысы бар көрсетілген топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кескен болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети