23 маусым 2018 09:35

Алматы облысында жарымжан баланы қылғындырып өлтірген әйел сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК кадры © КТК кадры

Алматы облысында жарымжан баланы азаптап өлтірген келіншекке үкім шықты Алматы облысында 8 жасар баланы азаптап өлтірді делінген келіншекке үкім шықты, - деп хабарлайды КТК.


Алматы облысында жарымжан баланы азаптап өлтірген келіншекке үкім шықты Алматы облысында 8 жасар баланы азаптап өлтірді делінген келіншекке үкім шықты, - деп хабарлайды КТК.

Сот тәрбиешіні кінәлі деп тауып, оны 15 жылға бас бостандығынан айырды. Одан қалды, Мейіргүл Жалымова жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге өтемақы төлейтін болды. Жалғыз ұлының өлімі үшін анасы одан 30 миллион теңге талап еткенін айта кетейік. Алайда, судья кәмелетке толмаған үш қызының барын ескеріп, соманы он есеге қысқартып тастады. Десе де, атышулы іс мұнымен аяқталмайын деп тұр. Өйткені, сотталушының туыстары интернаттағылардың өздеріне ақша ұсынғанын айтты.

Атышулы істі бір айға жуық қараған судья соңғы отырысты ұзаққа созбады. Бөлмеге кірген бойда бірден Үкімді оқыды.

"Жалымова Мейіргүл ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 25-бөлігі 13,14-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын. Жаза қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтелсін", - деп оқыды үкімді судья.

Кінәсі дәлелденген тәрбиеші одан бөлек баланың ата-анасына 3 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс. Ол үшін судья келіншектің туыстарына 2 ай уақыт берді. Бұлай болмаған жағдайда, мәжбүрлі түрде бүкіл мүлкі саудаға шығарылады деді. Негізі сұралған өтемақы бұдан он есе көп болатын. Алайда, әйел 30 миллионды төлей алмайтын боп шықты. Әрі, оның да өсіп келе жатқан 3 баласы бары ескерілді. Десе де, соманың қысқарғанынан сотталушының қайғысы азая қойған жоқ. Сот залынан бірден колонияға баратынын естіген бойда жылап қоя берді.

Мүгедек баланы өлтірген әйел жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. Жәбірленуші тарапқа бұл үкім жаққан. Алайда, қос ананың көз жасы бұл ананы да жылатты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети