10 наурыз 2016 17:41

Алматы облысында кәмелетке толмаған бала адам қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Алматы облысының полицейлері Mercedes-Benz автомобилінің тізгініне отырып, 57 жастағы ер адамды қағып кеткен 17 жастағы баланы ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне өңірлік ІІД өкілдері айтып берді. Жәбірленуші ауыр жарақатпен Есік қаласындағы ауруханаға жеткізілген.

Оқиға 6 наурызда Бәйтерек ауылында болған. "Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер автомобильдің күдіктінің туыстарының біріне тиесілі екенін анықтады. Көлік иесі автомобилін кәмелетке толмаған адамға бергені үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Жәбірленуші ер адам әлі де ес-түссіз жатыр. Кәмелетке толмаған жас жігіт кінәсін мойындады", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

"Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ұсталған адамға қатысты ата-анасына "кепілге беру" шарасы қолданылды", - деді полиция өкілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети