28 наурыз 2017 12:31

Алматы облысында қарақшылар зейнеткерлерге пышақпен шабуыл жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tsn24.ru © tsn24.ru

Алматы облысында зейнеткерлердің отбасына қарулы шабуыл жасаған екі ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында зейнеткерлердің отбасына қарулы шабуыл жасаған екі ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл дерек Еңбекшіқазақ ауданындағы саяжай массиві бірінде тіркелген. 18 наурызда егде жастағы ерлі-зайыпты белгісіз екі ер адамнан зардап шеккен. Күдіктілер одан 400 мың теңге ұрлап кеткен. Зейнеткерлердің жасы шамамен 67-70-те екені және олардың түрлі пышақ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.

"Жедел түрде екі күдіктіні анықтау мүмкін болды. Олардың біреуі осыған дейін сотты болған. Ол Қарағанды облысында жасырынбақ болды. Содан іздестіру шаралары барысында екі ер адам да Саран қаласында ұсталып, түсініктеме беру үшін Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-не жеткізілді", - деді Алматы облыстық ІІД өкілдері.

Зейнеткерлер қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр. Ұсталған 1984-1985 жылғы ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Күдіктілерден ұрланған ақшаның бір бөлігі - 90 мың теңге алынды", - деді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети