20 қазан 2016 16:28

Алматы облысында қаскөйлер құнды видео үшін күзетшіні байлап, "оқ атамыз" деп қорқытқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында бірнеше ер адам фармацевтикалық зауыттың күзетшісіне шабуыл жасады. Олар қақпадан секіріп өтіп, ғимараттың ішіне кірген. Кейіннен күзетшіні байлап тастап, қорқытқан. Сыртқы аумақты бақылайтын видеотіркегішті де ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл оқиға 20 қазанда таңғы уақытта болған.


Алматы облысында бірнеше ер адам фармацевтикалық зауыттың күзетшісіне шабуыл жасады. Олар қақпадан секіріп өтіп, ғимараттың ішіне кірген. Кейіннен күзетшіні байлап тастап, қорқытқан. Сыртқы аумақты бақылайтын видеотіркегішті де ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл оқиға 20 қазанда таңғы уақытта болған.

"Шамамен сағат таңғы 4 болатын. Менің қасымдағы серіктесім тамақтанып келейін деді. Ал ас үй болмаса басқа ғимаратта орналасқан, - деді "Элеас" ЖШС компаниясында жұмыс істейтін күзетші. - Мен постта өзім қалдым. Бірде белгісіз біреулер баса көктеп кіріп келіп, мені жерге құлатты. Дауыстарына қарағанда 3-4 ер адам екенін түсіндім. Олар менің аяқ-қолымды пластик қамыттармен байлап тастады. Оларға енді сөйлейін деп жатқанымда шабуылдағандар маған "Басыңа оқ атамыз, тыныш жат!" деді. Менен ақшалардың және бағалы заттардың қайда жатқанын айтуымды талап етті. Бірақ мен оларға мұнда ақшаның жоқ екенін айттым. Содан олар видеотіркегішті, менің рациямды және ұялы телефонымның батареясын алып, бірден кетіп қалды".

Кейінірек күзетші аяқ-қолын босатып алып, өзінің қасындағы күзетшіге қарай, яғни ас үйге қарай барды. Ол зардап шеккен күзетшінің қолын босатып берді. Содан олар полиция қызметкерлері мен компания басшылығын шақырды. Айта кетейік, осы зауытқа осыдан бірнеше күн бұрын да шабуыл жасалмақ болған екен. Оқиға 17 қазанда болған. Алайда күзетшілер дер кезінде оларға тосқауыл қойып, ұстап алмақ болды. Алайда олар оқиға орнынан жасырынған.


17 қазанда жасалмақ болған шабуылдың видеосы /Tengrinews.kz 

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, сонымен қатар, облыстық ІІД басшысының орынбасары барды. Осы аудандағы нысандардың тағы біреуіне шабуыл жасалмақ болғаны анықталған. Сол аумақтағы кеңсе тауарларын сататын базаға да шабуыл жасалмақ болған екен. Күзетшінің айтуынша, сол уақытта олардың қолында тапанша болған сияқты. Олар сейфті ашқан, алайда оның ішінде ақша болмаған. Сонда қаскөйлер видеотіркегішті алып кеткен.


Шабуыл мына жерде жасалған. Tengrinews©

Айта кетейік, бұл оқиғаның мән-жайын Алматы облыстық ІІД өкілдері анықтап жатыр. Екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети