27 қыркүйек 2016 09:40

Алматы облысында қаскөйлердің қолынан қаза тапқандардың бірі орындаған ән жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Qamshy.kz/ktk.kz © Qamshy.kz/ktk.kz

Алматы облысында белгісіз біреулердің қолынан ажал құшқан үш тұрғынның бірінің салған әні делінген видео жария болды. Qamshy.kz сайтында бұл видео "Туған жер, Атамекен, дәм-тұзың тарта ма екен..." деген тақырыппен тарады. Басылымның мәліметінше, дастархан басында отырып, ән айтқан ер адам - Қадылбек Әлімханұлы.


Алматы облысында белгісіз біреулердің қолынан ажал құшқан үш тұрғынның бірінің салған әні делінген видео жария болды. Qamshy.kz сайтында бұл видео "Туған жер, Атамекен, дәм-тұзың тарта ма екен..." деген тақырыппен тарады. Басылымның мәліметінше, дастархан басында отырып, ән айтқан ер адам - Қадылбек Әлімханұлы.

Осыған дейін БАҚ-тар қаза болғандардың аты-жөндерін жариялап (Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы мен Қадылбек Әлімханұлы), олардың артында сегіз баланың қалғанын жазған еді.  

Ал Көксу ауданы әкімінің орынбасары "Ауыл тарапынан қандай көмек қажет болса, біз соның бәрін атқарып жатырмыз", - деген еді. Ал кейін шенеуніктер Алматы облысында қаза тапқан ағайындылардың балаларына көмек беруге уәде берді. Қазіргі уақытта әкімдікте қаза тапқан азаматтардың отбасына материалдық көмек көрсету туралы мәселе қарастырылып жатыр. Қайтыс болған азаматтардың бірінің өзінің тұрған жері Айнабұлақ станциясының аумағында жерленетіні белгілі. Ал қалған екеуі Алматы облысы Мұқыры ауылында жерленеді. Қазір олардың денесі мәйітханадан жерлеу рәсімі өтетін жерге жеткізіліп жатыр.

Ал КТК телеарнасның мәліметінше, ірі қараға қызыққандар апталдай үш азаматтың аяқ-қолын байлап, айдалада атып кетіпті. Ал денелерін ескі қораның ішіне мал тезегімен көміп тастаған. Марқұмдардың ағасы Еркін Бейсеке қаскөйлердің атын атаған. "Әрқайсысын жеке -жеке, екеуінің басынан атқан, біреуін кеуде бөлігіне атқан. Күдіктілер ұсталды. Біреуінің аты - Талғат, екіншісінің аты - Оңалбаев Мұрат деген жігіт. Таудың ішіне апарған. Сол жақта шлагбаум бар екен. Сол шлагбаумда тоқтап, бірінші Мұқиятты өлтірген, одан кейін Жарқынды өлтірген, одан кейін Қаділбекті де байлап, сол байлаған күйінде атқан", - деп айтып берді ол қанды оқиғаның мән-жайын.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. 

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети