05 қаңтар 2016 17:36

Алматы облысында мас жүргізуші полицейді қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Soulpost.ru © Soulpost.ru

Алматы облысында мас жүргізуші полицейді қағып кетіп, оқиға болған жерден қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында мас жүргізуші полицейді қағып кетіп, оқиға болған жерден қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2 қаңтар күні Іле ауданында болды. Торуылдау кезінде "Бүркіт" полицейлер экипажы Toyota маркалы автомобильді тоқтатпақшы болады. "Жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талабына мән бермей, көлігін полицейлерге қарай айдай жөнелді. Бір полицейді қағып өлтірген жүргізуші оқиға болған жерден қашып кетті", - деді ІІД өкілдері.

Кейін жүргізуші ұсталды. Ол 1979 жылғы азамат болып шықты. Медициналық тексеріс барысында ер адамның көлікті басқарған кезде мас болғаны анықталды. Осы дерек бойынша қазір "Билік өкілдеріне бағынбау" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізушінің әрекетінен зардап шеккен полицей медициналық тексерістен кейін үйіне қайтарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети