04 тамыз 2015 13:06

Алматы облысында полицейді капотында 189 метрге дейін апарған жүргізуші қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Алматы облысында полицейді капотында 189 метрге дейін апарған жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, көлікті ұстау кезінде полицей көлік жолаушысын атып түсірген болатын.


Алматы облысында полицейді капотында 189 метрге дейін апарған жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, көлікті ұстау кезінде полицей көлік жолаушысын атып түсірген болатын.

Соттың баспасөз хабарламасында Алматы облысының Талдықорған қалалық сотының тергеу судьясының Талдықорған ІІБ тергеушісінің Пакты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қанағаттандырғаны айтылады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабында ("Билік өкіліне қарсы күш қолдану") қарастырылған қылмысты жасады деген күдік келді. 

Еске салайық, осыған дейін 2015 жылдың 30 шілдесінде Алматы облысының полицейі Toyota Camry 40 жүргізушісі мен жолаушысын ұстау кезінде өзін қорғау үшін тапанша қолданғаны хабарланды. Сағат 22.00 шамасында автомобильді Талдықорғандағы Тәуелсіздік-Ескелді би көшелерінің қиылысында "Бүркіт-157" патрульдік жасағы ұстайды. "23 шілдеде Алматы облысы ІІД сайтына күміс түстес, алдындағы мемлекеттік номері мен терезесі жоқ Toyota Camry 40 автомобилінің жоғары жылдамдықмен қала орталығында жүргені туралы хабар келіп түсті", - деп жазылған баспасөз хабарламасында. Осы кезде, тәртіп сақшыларының мәліметінше, көлік жүргізушісі дереу қашқанда полицияның аға лейтенанты Нұрлыбаев машинаның капотына жармасып үлгереді, осылайша көлік оны 189 метрге дейін әкеткен. Автомобиль жүргізушісі полицейлерге қарсылық көрсетті, дегенмен ол ұсталды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети