16 мамыр 2018 09:16

Алматы облысында полицейді пышақтап өлтірді деген күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Алматы облысында полицейді пышақтап өлтірді деп күдікке ілінген жігітке қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды КТК телернасы.


Алматы облысында полицейді пышақтап өлтірді деп күдікке ілінген жігітке қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды КТК телернасы.

Телеарнаның мәліметінше, Алматы облысында полиция қызметкерінің өлімімен аяқталған төбелесте қару кезенген Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық саябағының қызметкері боп шықты.

"Қорықшы мылтығымен бір адамды атып, екеуін жаралаған. Қазір өзі қамауда отыр. Ал осы төбелесте полицейді пышақтап өлтірген тағы бір күдікті əлі ұсталған жоқ. Полиция майорының арқасынанан пышақтады делінген 30 жастағы Әмір Әбубәкіров Шымкентте бой тасалауы мүмкін", - дейді телеарна тілшілері.

"Қызбалықпен кіріп кетіп отыр ғой. Олар өздері білмейді ғой. Олармен байланысқан болса, әңгіме басқаша болар еді. Оқиға Отан қорғаушылар күні болған. Мерекені атап өтуге алты жігіт жиналған. Алайда, ішімдік қойылған көңілді отырыстың соңы қырғын төбелеске ұласады. Артынша тағы үш жігіт қосылып, атыс шығарған болатын. Ақыр соңында бір жігіт оққа ұшып, енді бірі-пышақтан өлді. Ал төбелеске қару алып келген табиғатты қорғап жүрген қорықшы болып шықты", - іздеудегі күдіктінің туысы.

 Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі Түрген филиалының директоры Иманәлі Сәрсенбаевтің айтуынша, іздеуде жүрген күдікті жақсы отбасынан шыққан.

"Сол күні біз жұмыстан Асты жайлауынан түсіп келгенбіз. Ол кешке қарай қараңғы түскенде кеткен үйіне. Бізде ешкімде қару жоқ. Бірақ енді Олжас туралы айтатын болсам, ол жаман бала емес. Жақсы отбасы. Қалай мына іске барғанын мен білмеймін. Іле-Алатауы мемлеттік ұлттық паркінің басшылары мылтықтан оқ жаудырған қызметкерінің ертесіне-ақ полицияға өзі берілгенін айтады. Алайда, ішкі істер департаментінің мәліметі басқа. Оқиғаны бір апта бойы жасырып келген тәртіп сақшылары оны өзіміз ұстадық деп отыр. Жалпы, төбелес шығарғандардың қай-қайсы болса да 2-3-еуден бала-шағасы бар қызметтегі жігіттер", - дейді Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі Түрген филиалының директоры.

Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, төбелеске жалпы қатысы бар 9 адам бар. Екі адамның біреуін атып өлтірсе, енді біреуі, яғни полиция қызметкерін пышақтап өлтірген. Тағы біреуі аяғына оқ тиіп, ауруханада жатыр. Екі күдіктінің бірі -іздеуде, енді бірі -қамақта. Ал қалған төрт адам туралы ешқандай мəлімет жоқ. Олар не күдікті, не оқиға куəгері боп іске тартылмаған. Жігіттер суға сіңгендей ұшты-күйлі жоқ. Атышулы қылмыс бойынша тергеу жалғасып жатыр. (Дереккөз: КТК)

Еске сала кетейік, осыған дейін Есікте атыс болып, полицейдің қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, атыс 7 мамырдан 8 мамырға қараған түні болған. Еңбекшіқазақ ауданының ауруханасындағылар Tengrinews.kz тілшісіне 8 мамырда сағат 03:00-де оқ жарақатын алған екі ер адам түскен айтқан болатын. Олардың бірі 31 жастағы полицей 11 мамырда көз жұмды. Оқ тигеннен бөлек, ол көптеген өзге жарақаттар алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети