Алматы облысында шенеунікке пара алғаны үшін ірі көлемде айыппұл салынды

11 Тамыз 2015, 09:53
0
Алматы облысында шенеунікке пара алғаны үшін ірі көлемде айыппұл салынды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматы облысында Райымбек ауданының бұрынғы әкіміне пара алғаны үшін 22 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалы бойынша, ол әкімнің орынбасарынан жер телімі үшін 370 мың теңге пара алған.

"2015 жылы 10 тамыздағы сот үкіміне сәйкес К. Төлепбердиев ҚР ҚК 366-бабы, 2-тармағында қарастырылған қылмысқа барғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 22 200 000 көлемінде айыппұл салу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мемлекетке кіріс әкелу үшін жеке мүлкін тәркілеу және басқару органдары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру жазалары қолданылды. Сот үкімі күшіне енді.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай