08 қыркүйек 2015 11:00

Алматы облысында сора өсірген нотариус сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Алматы облысында сора өсірген нотариус сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында сора өсірген нотариус сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қапшағай қалалық соты үйінде сора өсірген жеке нотариус Сергейчукке қатысты қылмыстық істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, ол алдын ала тергеу барысында анықталмаған тұлғамен бірлесіп, Қапшағай қаласында көпқабатты үйден пәтерді уақытша жалға алған. Ол өсiруге тыйым салынған, құрамында есiрткi заттары бар 83 түп сораны егіп, өсірген.

"Сот үкімімен Сергейчук ҚР ҚК 296-бабының 3-бөлігімен және 300-бабының 2-бөлімінің 1, 3 тармақтарымен кінәлі деп танылды. Ол 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын түзеу колониясының жалпы режімінде өтеуге сотталды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети