Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Алматы облысында түрме басшысы 7 жылға сотталды

22 Қазан 2015, 13:29
0
© islam.ru
© islam.ru

Алматы облысында түрменің экс-басшысы мен бас есепшісі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шешімді Қапшағай қалалық соты қабылдады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қапшағай қалалық сотымен Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша РММ ЛА-155/8 ДУИС мекемесінің бұрынғы басшысы Абайдан Жаңаберген және осы мекеменің бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.  

"Іс материалдарына сәйкес, Жаңаберген ЛА-155/8 мекемесінің басшысы бола тұра, бас есепшімен бірге мекеменің ішінен дүкен үшін алаңды жалға алған жеке кәсіпкерді тексеру-өткізу орнынан кедергісіз өткізу үшін және жазасын өтеп жүрген тұлғаларға тауарларды сату мақсатында ай сайын ақы төлеуге мәжбүрлеген. Осылайша сыбайластар жеке кәсіпкерден 230 мың теңге көлемінде пара алды", - дейді соттағылар.

Сот үкімімен Жаңаберген мен бас есепші ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алуы") кінәлі деп танылып, басқарушы лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылып, мүлкі тәлкіленіп, оларға жалпы режимді түзеу колониясында 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай