29 наурыз 2018 17:41

Алматы облысында үш әйел жауыздықпен өлтірілген: Күдікті қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан үзінді © ktk.kz Видеодан үзінді © ktk.kz

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында 88 жастағы зейнеткерді, 50 жастағы әйел мен оның 24 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен алматылық 22 жастағы жігіт қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сот актісіне сәйкес, жігітке ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы ("Адам өлтіру") бойынша айып тағылған. 3 наурызда оның жасы 22-ге толған. Орта білімі бар, уақытшы жұмыссыз. Алматыда тұрады. 

Тергеу мәліметінше, алматылық жігіт 2018 жылы 23 наурызда шамамен 17:30-да Ұзынағаштағы өзінің танысының үйіне келген. Анасы мен әжесі залда сөйлесіп отырған. Күдікті өз танысымен жанжалдасып, асханадағы пышақты қолына алып, үш әйелге пышақ ұрған. Олар алған жарақатынан қайтыс болған. 

26 наурызда жігіт ұсталды, ал ертесіне ол күдікті ретінде танылды. 

Сот оны екі ай мерзімге 2018 жылдың 26 мамырына дейін қамауға алу туралы үкім шығарды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети