26 қыркүйек 2016 17:28

Алматы облысында үш ер адамды өлтіргендердің мотиві белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ағайынды жігіттерді 36 бас мал үшін өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі тергеу барысынан мәліметі бар дереккөзге сілтеме жасап. Қылмыс пайда табу мақсатында жасалған. Тергеудің мәліметінше, марқұмдардың 36 бас ірі қара малы жоғалған. Шығын көлемі - 5 миллион теңгеден асады екен.   

Бұл қылмысқа қатысы бар делінген 1971 және 1975 жылғы екі ер адамның ұсталғаны хабарланып отыр. Ал осыған дейін Алматы облыстық ІІД өкілдері ұсталғандардың Алматы облысының Жамбыл ауданының тұрғындары екенін хабарлаған.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. 

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети