24 мамыр 2019 17:51

Алматы облысында зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда 76 жастағы зейнеткерді ұрып-соғып, артынша тонап кеткендер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Талдықорғанда 76 жастағы зейнеткерді ұрып-соғып, артынша тонап кеткендер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың мәліметінше, 22 мамырдан 23-не қараған түні ер адам полиция бөлімшесіне хабарласып, оны біреулердің тонап кеткенін хабарлаған. Ұсталғандардың зейнеткерді ұрып-соғып, артынша 10 мың теңгесін алып кеткені анықталды. Зейнеткер бірден ауруханаға жеткізілген.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікілер екі сағаттың ішінде ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олар бар ақшаны ішімдікке жұмсап қойған болып шықты. Ұсталғандардың екеуі де Үштөбе қаласының 1991 және 1992 жылғы тұрғындары. Күдіктілер қамауға алынды, осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети