30 қыркүйек 2016 10:47

Алматы облысының көлік полицейлері парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ҚР ІІМ Достық бекетінің ІІД желілік полиция басшысы Құйқабаев пен оның орынбасары Мәдібаевты ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, қызметтік тұлғалар Достық бекеті аумағында қызмет атқарып жатқан логистикалық фирмаларды қорғауға аламыз деп бопсалаған. "Осылайша, тауарды кедергісіз тиеу мен ары қарайғы жалпы қорғаушылық үшін кезекті рет 100 000 теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте Құйқабаев пен Мәдібаев қолға түсті", - деп айтып өтті ведомство өкілдері.

Қазіргі кезде ұсталғандар Сарқан ауданының ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына жабылды. Соталды тергеу амалдары жүргізілуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети