04 ақпан 2020 | 12:21

Алматы полицейлері арнайы операция жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда арнайы операция кезінде атыс қаруы тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда арнайы операция кезінде атыс қаруы тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қаланың криминалдық полиция қызметкерлері патрульдік полиция және арнайы жасақ жауынгерлерімен бірлесіп арнайы операция жүргізді. 

Кешкі сағат сегізде Шевченко көшесінде Mercedes автокөлігі тоқтатылып, қоршауға алынды, оның салонында үш ер адам болған. 30 жастағы жүргізушіні тексеру барысында тоғыз оқпен оқталған Grand Power Т10 маркалы тапаншасы  тәркіленді.

"Осы көлікте отырған жолаушыларының бірі, 28 жастағы Н. есімді азамат ұсталып қалудан қорқып, тапаншаға ұқсас затты және оның патрондарын лақтырып тастамақ болған. Сараптама қорытындысы бойынша, ол "Макаров" тапаншасынан құтылмақшы болған, қару атуға жарамды. Ал жүргізушіден тәркіленген тапанша травматикалық қару санатына жатады, ол да ату үшін жарамды. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді Медеу аудандық полиция басқармасы жүргізеді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети