15 маусым 2017 10:29

Алматы полициясы түнде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізушіні іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы бүгін түнде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция жол апатына кінәлі адамды іздестіріп жатыр.

"Бүгін түнде сағат 2.30-да "Теректі" мен "Ақбұлақ" ықшамаудандарынан кейінгі айналмалы жолда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам оқиға орнында көз жұмған. Қаза болған ер адам шамамен 40-45 жаста. Қазіргі уақытта оның кім екені анықталып жатыр. Жүргізуші оқиға орнынан жасырынған", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша - "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" және "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу" сотқа дейінгі тергеу басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети