09 наурыз 2018 14:19

Алматы прокуратурасы зорланған 15 жастағы қыздың ісіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы прокуратурасы 11 күн бойы үш ер адам жабылып зорлады делінген 15 жастағы қыздың ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы прокуратурасы 11 күн бойы үш ер адам жабылып зорлады делінген 15 жастағы қыздың ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы прокуратурасы жасөспірімнің жоғалып кету дерегіне қатысты полицияның әрекетсіздігі жайлы және қызына көрсетілген сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері жайлы видеоүндеуін зерттеді. Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-бөлігі бойынша және 126-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді", - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, прокуратура тергеу процесін бақылауға алды. 

"Қылмыстық іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды. Қыздың ата-анасымен және қызбен психологтар жұмыс істейді", - деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда 23 ақпанда жоғалып кеткен қыз табылып, үйіне оралған соң сұмдық оқиға жайлы айтып берген еді. 15 жастағы қыздың сөзінше, оны үш жігіт зорлап, табылғанға дейін денесіне жарақат салып келіпті

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети