17 тамыз 2017 16:40

Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгеден аса ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы зообағының есепшісі сатылған билеттердің ақшасынан 32 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы зообағының есепшісі сатылған билеттердің ақшасынан 32 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Есепшіні қамауға алу туралы шешімді 16 тамызда Алматының Медеу аудандық № 2 соты шығарды.

"Тергеу барысында Н. есімді азаматшаның зообақта есепші-кассир қызметін атқара отырып, 2015 жылдың желтоқсан 2016 жылдың қазан айы аралығында компьютердегі сатылған билеттерге қатысты мәліметтерді өшіріп, зообақтың 32 миллион 390 мың 700 теңгесін жұмсап қойған", - делінген Алматы прокуратурасының хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Қылмыстың ауыр болуына байланысты сотта қылмыстық істі басынан соңына дейін тергеп-тексеретін процессуалдық прокурор тағайындалды. Мемлекеттің мүддесін қорғау  мақсатында экономикалық салада қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети