10 ақпан 2017 19:02

Алматыда 16 миллион теңге салынған сейфты ұрлағандар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео үзінділері Видео үзінділері

Алматының Алмалы аудандық соты 16 миллион теңге салынған сейфты ұрлаған ер адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматының Алмалы аудандық соты 16 миллион теңге салынған сейфты ұрлаған ер адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 25 сәуірде Жамбыл мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Сейфті ұрлау сәті үйдің кіре берісіне орнатылған бақылау камерасына түсіп қалған. Видеода ер адамдардың кезектесіп есікті аша алмай жатқаны көрінеді. Ақыры олар есіктің құлпын бұзып, пәтерден 16 миллион теңге салынған сейфті алып шығады. Өзгелердің назарына түспес үшін сейфты шаңсорғыш қорабына салып, сыртқа шыққан. Сейфпен бірге қылмыскерлер тұрмыстық техника, зергерлік бұйымдар мен киім-кешектерді алып кеткен. Шығынның жалпы соммасы 17 миллион теңге. 

Сотталғандардың бірі Наурызбаев 6 жыл 8 айға, екіншісі Қуанбай 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Наурызбаев жазасын қатаң режимдегі колонияда, ал оның сыбайласы жалпы режимдегі колонияда өтейді. 

Айыптылар мұның алдында осы тектес қылмыс үшін істі болғанын айта кету керек. Ал зардап шегушінің пайдасына сотталғандардан 18 миллион 130 мың теңге өндірілетін болды. 

Мұның алдында ұрылардан зардап шеккен Рауан Әбдірахманов қылмыскерлер туралы ақпарат үшін сыйақы беретінін мәлімдеген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети