22 шілде 2015 11:39

Алматыда адам қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыда жүргінішілер жолында адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда жүргінішілер жолында адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 18 шілдеде Фурманов пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам рұқсат етілмеген жерден өтпек болған. Оны жүргізуші кеш байқап, қағып кетті. Жарақат алған ер адам оқиға орнында қаза тапты. "Алматыдағы Бостандық ауданының 28 жастағы тұрғыны адам қақты деген күдікпен ұсталды. Ол қараңғы кезде адам өтіп бара жатқанын байқамағанын айтты. Ер адам жол ортасында шатыр жатыр деп ойлаған", - деді ІІД баспасөз қызметі өкілдері.

Жол-көлік оқиғасы бойынша "Адам өліміне әкелген жол ережесін бұзу" және "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети