Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматыда адамдар тобы Kaspi Bank кеңсесіне баса-көктеп кірмек болған

27 Сәуір 2016, 13:35
0
© Facebook.com
© Facebook.com

Алматыда ипотека алған адамдар тобы Kaspi Bank бас кеңсесіне баса-көктеп кірмек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосы Желіде жария болды. Кадрлардан әйелдердің турникеттерден аттап өтіп, лифтке жүгіргені, оларды банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерінің тоқтатпақ болғаны көрінеді.

"25 сәуірде Kaspi Bank бас кеңсесіне ипотека мәселесі бойынша деп, бір топ адам баса-көктеп кірді. Келушілердің арасында Kaspi Bank-тің үш клиенті болды. Олар банк басшылығымен барлық мәселені талқылау үшін келіссөз жүргізу бөлмесіне кіргізілді. Ал Kaspi Bank-ке еш қатысы жоқ 20 адам дәліз бен лифтке баса-көктеп кірді. Олар айғайлап, банктің жұмысына кедергі жасау үшін SMS-хабарлама тарататынын айтты. Сынған шөлмектермен кесетінін айтып, банктің қызметкерлері мен келушілеріне қауіпті жағдай жасады. Біздің қызметкерлер арандауға еріп кетпей, қақтығыс туғызатын жағдайлардың алдын алуға тырысты", - деп хабарлады банктегілер. Банктегілер қазіргі уақытта аталған үш клиенттің банкке деген шағымының жоқ екенін де атап өтті.

Kaspi Bank өкілдерінің айтуынша, келушілердің бұзақылық әрекеттеріне байланысты банк қызметкерлері құқық қорғау органдарына хабар берген. "Біз бұл тәртіпті ескерусіз қалдыра алмаймыз және бұл бұзақылыққа қатысқандарды жауапкершілікке тарту мақсатында Ішкі істер департаментіне хабар бердік. Олардың әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына, яғни "Бұзақылық" бабына сәйкес келеді", - деп хабарлады қаржы мекемесінің өкілдері ипотекалық қарыздардың 2007 жылдан бері берілмейтінін атап өтіп.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері аудандық ішкі істер бөліміне топ адамның жасаған бұзақылық әрекеті жайлы арыздың келіп түскенін растады. "Материалды Бостандық аудандық ІІБ-ге қарасты жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары қабылдап алды. Қазіргі уақытта іс олардың өндірісінде. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес шаралар қабылданады. Қазіргі таңда оқиғаға қатысушылар анықталу үстінде, әрмен қарай қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай