21 қыркүйек 2017 15:18

Алматыда Adidas пен Reebok аяқкиімдері қолдан жасалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметі. © Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметі.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Adidas пен Reebok сауда белгісін қолдана отырып, контрафактілік спорттық аяқкиімдерді тігумен айналысқан астыртын цехтің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралары "Алматыда "Көлеңкелі экономикамен" күрес акциясы аясында жүргізілген. Цех Жетісу ауданында жұмыс істеген.

Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметі.

Барлығы 1500 дайын тұрған контрафактілік тауар тәркіленді. Сондай-ақ, астыртын цехте 40-тан аса қызметкердің жұмыс істегені анықталды.

Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметі.

Осы аяқкиімерді өндірумен айналысқандар жұмыстың барлығын Айнабұлақ-1 ықшамауданында, Алматы мен еліміздің басқа да өңірлерінде орналасқан базарлардағы жекеменшік дүкенде жасаған. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабының 1-бөлігі бойынша ("Тауар белгісін заңсыз пайдалану") қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек іс материалдары сот органдарына жолданады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети