11 маусым 2017 13:41

Алматыда әккі ұрының әрекеті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Тенгиз Тауэрс" тұрғын үй кешенінде (Бостандық ауданы) белгісіз ер адам 13-қабаттың кіреберісінде тұрған велосипедті ұрлап кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленуші хабарлады.


Алматыда "Тенгиз Тауэрс" тұрғын үй кешенінде (Бостандық ауданы) белгісіз ер адам 13-қабаттың кіреберісінде тұрған велосипедті ұрлап кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленуші хабарлады.

Оқиға 9 маусымда күндіз болған. "Полиция шақырттым, арыз жаздым. Видеоға қарағанда, қылмыскер егде жаста, соған қарағанда, сотты болған, әккі. Ісін жылдам әрі шусыз жасады, үйде жатқан менің өзім сезбей қалдым. Құлып тұрған, ол оны кесіп тастап, алып кетті. Ал үйімізде консьерж бар, камералар орнатылған", - деді ол. 

Иесі велосипедті бір ай бұрын 95 мың теңгеге сатып алыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети