31 қаңтар 2017 20:19

Алматыда ақша үшін жанжал өліммен аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Armeut © Armeut

Алматыда жанжал кезінде ер адамды атып тастағандар соттылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың Ауданаралық қылмыстық істер бойынша арнайы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


Алматыда жанжал кезінде ер адамды атып тастағандар соттылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың Ауданаралық қылмыстық істер бойынша арнайы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

2016 жылдың 28 шілдесінде ер адамдар арасында жоғалып кеткен ақша үшін жанжал туған. Келіспей қалған екі жақ кешкісін кездесуге уағдаласқан. Кездесуге ер адамның бірі шолақ мылтық ұстап келген. 

Іс материалы бойынша, айыпталушы Л. келгендердің бірін мылтықпен атып жаралаған, салдарынан ер адам көз жұмған. Осы кезде айыпталушы А. екінші адамды соққыға жығып, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Сот барысында айыпталушылар кінәсін мойындап, істегендеріне өкінетіндерін айтқан. Айыпталғандар Алматы қаласының тұрғындары. Олардың бірі 17, ал екіншісі 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети