Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматыда әл-Фараби даңғылының бойынан ұсталған адамнан қару тәркіленді 01 сәуір 2016, 10:49

Ол Алматы облысының 1988 жылғы тұрғыны болып шықты.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойында арнайы операция арлқылы ұсталған адам Алматы облысының тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, ұсталған адамнан сигналдық тапанша тәркіленген. "31.03.2016 жылы сағат 15.20 шамасында ІІД ҰҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы облысының 1988 жылғы тұрғынын ұстады. Бұған дейін ҚР Қылмыстық Кодексінің 103-бабы 1-бөлігі бойынша сотты болған ер адамнан сигналдық тапанша тәркіленді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, 31 наурызда әл-Фараби даңғылының бойында арнайы операция жүргізілген болатын. Осыған байланысты жолда қозғалыс қиындап, үлкен кептеліс болды. Кейін полицейлер бір адамның ұсталғанын хабарлады.


Join Telegram