14 ақпан 2017 11:25

Алматыда алаяқ Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беремін деп уәде берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі © Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі

Шетелден жақсы төленетін жұмыс тауып беремін деп елді алдаған алматылық азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шетелден жақсы төленетін жұмыс тауып беремін деп елді алдаған алматылық азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1983 жылы туған А. Суженкоға қатысты қылмыстық істің тергеуі жүріп жатыр. "Істың фабуласы: күдікті Суженко, Оңтүстік Кореядан жұмысқа орналастыру қызметін көрсететінін айтып, тұрғындардан 500 мың теңге және оданда жоғары сома алып отырған. Ол өз клиенттеріне зауытқа жұмысқа орналастырып, 2 500 доллар айлық алып отыратынын уәде еткен. Сонымен қатар, тілу білу және қандай да бір тәжірибенің болуы маңызды болмаған. Жұмыс іздеп жүрген біраз азаматтар, алаяқтың құрығына түсіп қалған", - деді полициядағылар. 

ІІД-нің мамандары Суженконың тұрғындардан ақшаны алған соң, өз уәдесін орындамағанын айтады. "Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге 85 адам келіп, арыз берген. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында жәбірленушілер саны көп болуы мүмкін екені айтылады. Осы жағдайға байланысты Суженконың әрекетінен зардап шеккендер болса, мына номерлерге хабарласуды сұраймыз: 298-52-80; 298-52-81 және 298-52-82. Күдікті Алматы ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына жабылған. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Бостандық аудандық ІІБ-ның бөлім басшысы Дінмұхамед Әуелхан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети