Алматының екі тұрғыны ұзақ уақыт бойы жалған долларды ақша айырбастау пункттерінде теңгеге айырбастап келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адамдар мұндай алаяқтығын үш ай бойы жүзеге асырған.

"2017 жылдың сәуірінде 9700 көлеміндегі жалған долларды теңгеге айырбастаған үшін Д. және И. есімді азаматтар ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 231-бабының 3-бөлігінің 2-пункті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іспен Алматы қаласы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі айналысып жатыр", - делнген Медеу ауданы прокуратурасының хабарламасында.
Іс материалы бойынша, жалған долларларды теңгеге айырбастап, ол ақшаға телефон сатып алған ер адамдар оны қайта сатып отырған.
"Жалған купюралар сапалы жасалғандықтан шын ақшадан ажырату қиын болған. Осыны пайдаланған ер адамдар бұл кәсіппен үш айдай уақыт айналысқан", - деп атап өтті прокуратура өкілдері.
Басты сот отырысында күдіктілер кінәсін толық мойындаған.
Медеу ауданының №2 аудандық сотында 2017 жылдың 25 тамыздағы үкімімен алаяқтардың мүлкі тәркіленіп, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Қазір бұл қылмысқа өзге тұлғалардың қатысы анықталып жатыр.