17 қазан 2016 10:51

Алматыда алимент борышкерлері қамауға алынып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Mamaclub.kz © Mamaclub.kz

Алматыда алимент борышкерлері қамауға алынып жатыр. Қалалық прокуратура жауапсыз әкелерді іздестіріп, сот шешімін пысқырмағандарға қарсы арнайы шара ұйымдастырды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Алматыда алимент борышкерлері қамауға алынып жатыр. Қалалық прокуратура жауапсыз әкелерді іздестіріп, сот шешімін пысқырмағандарға қарсы арнайы шара ұйымдастырды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Бұл шаралардың нәтижесінде бір апта ішінде жиырмадан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 32 адам жалпы сомасы 8 миллион теңгеден астам қарыздарын өтеп үлгерген. Прокуратура қызметкерлері жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесін де қолға алды. Комиссия құрамында жұмыспен қамту орталығының мамандары да қызмет атқарады. Құзырлылар баласын жеткізе алмай жүрген аналарға көрсеткен көмегіміз, - дейді. Айта кетейік, жыл басынан бері жүзге жуық борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Алдымыздағы апта ішінде прокуратура күштерімен 20 адамнан астам борышкерлер қамауға алынды. Қатаң шара қолданылып жатыр қазір. Сонымен қатар, түсіндіру нәтижесінде 3 миллионнан астам сумма төленген. Жалпы, біз кәмелет жасқа толмағандардың және аналардың конституциялық құқықтарын қорғап жатырмыз. Борышкерлерді қатаң ескертеміз. Нәпақаларыңызды уақытылы төлеңіздер! Қарсы түрде ҚР ҚК 430-бабына сай қылмыстық жауапқа тартыласыздар", - деді Алматы қаласы Медеу аудандық прокуратурасының бөлім басшысы  Ізбасар Масақбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети