18 мамыр 2017 09:23

Алматыда әшкере болған жезөкшелер полицейлерге тап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда полицейлер қалалық притондарды анықтау бойынша шара жүргізді, - деп хабарлайды "Дорожный патруль"


Алматыда полицейлер қалалық притондарды анықтау бойынша шара жүргізді, - деп хабарлайды "Дорожный патруль"

Сейфуллин даңғылының бойы тексерілгенде көлік жөндеу орталығының ішінде орналасқан секс-притон табылған. 

"Полицейлер кіріп келгенде біреуі джинсы шалбарын киіп үлгермей жатты. Камераны көргенде жезөкшелер ұялшақ әрі момын бола қалды. Тіпті клиенттердің өзі мүләйімсіп қалды. Олар таңға дейін уақытын полиция бөлімшесінде өткізді", - делінген сюжетте. 

Осыдан кейін полицейлер тағы бір притонды "Нұр" деп аталатын қонақүйден анықтаған. Мұнда секс қызметін ұсынатын әр жөзөкшенің өз бөлмесі бар, ал бағасы осыған дейінгі пәтердегілерден де жоғары болып шықты. 

"Қонақүйді мекендеген жезөкшелердің бірі ширақ болып шықты, полицейлердің автобусына кірген ол қолына ерік берді", - деп жазады басылым. 

"Түрксіб ауданындағы заңбұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік инспекторлар мен жергілікті полиция қызметі шара жүргізді. Жеңіл жүрісті 40 қыз полицияға жеткізілді", - деп мәлімдеді Алматы қалалық ІІД-нің Түрксіб аудандық ЖПҚ басшысы Фархат Санбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети