28 қыркүйек 2015 12:34

Алматыда автожуулардың бірінің астында жезөкшелер притоны табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық ІІД © Алматы қалалық ІІД

Алматы полицейлері арнайы рейд кезінде Қырғызстаннан келіп, интим қызмет көрсетумен айналысқан азаматшаларды ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы полицейлері арнайы рейд кезінде Қырғызстаннан келіп, интим қызмет көрсетумен айналысқан азаматшаларды ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың Солтүстік айналма көшесінің бойында орналасқан қонақүйлердің бірінде ұсталғаны хабарланып отыр. Притон автомобильдерді жуу орнының астында орналасқан.


© Алматы қалалық ІІД

Баспасөз өкілдерінің мәліметінше, бұл қонақүйде 16 қыз ұсталды, олардың тек үшеуі қазақстандық екен де, қалғандары Қырғызстаннан келіпті. Олардың ішінде 16 жастағы бір қыздың құжаты тіпті болмай шыққан. 

Қыздың айтуынша, Алматыға ол екі айдан астам уақыт бұрын таныс құрбысының шақыруымен келген, құрбысы оны қалалық базарлардың бірінде сатушы етіп орналастыратынын айтыпты. Алматы ІІД өкілдері бұл жағдайға байланысты жедел іс-шаралар өткізетінін хабарлап отыр. 

Сонымен қатар, жедел уәкілдер Сейфуллин даңғылы мен Сайын көшелерінде тексеріс жүргізді. Жол бойында жеңіл жүрісті қыздар табылмаған. Айта кетейік, ІІД өкілдерінің мәліметінше, 2015 жылдың сегіз айынан бері адамдардың заңсыз трафигіне байланысты 76 қылмыс анықталған: адам сату - 4 дерек, жеңгетайлық - 27, кәмелетке толмағандарды сату - 12 дерек, притонды ұйымдастыру және ұстау - 30, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу - 3.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети