05 шілде 2016 12:16

Алматыда аяқ-киім дүкенінде әмиян ұрлаған адам видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Видеодан алынған кадр © Видеодан алынған кадр

Алматыда аяқ-киім дүкендерінің бірінде белгісіз біреу бала арбасының ішіндегі әмиянды ұрлап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосын редакцияға жәбірленген әйелдің өзі жолдады.


Алматыда аяқ-киім дүкендерінің бірінде белгісіз біреу бала арбасының ішіндегі әмиянды ұрлап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосын редакцияға жәбірленген әйелдің өзі жолдады.

"Мен екі баланың анасымын. Екінші балама әлі 40 күн де болған жоқ. Аяқ-киім дүкеніне кірген кезімде әмиянымды ұрлап кетті. Біз дүкендегілерге хабар бердік, кейін олар бізге ұрлық болған сәт түсіп қалған видеоны көрсетті", - деді әйел.

Бостандық ауданы ІІБ полиция бөлімінің басшысы жанындағы полиция подполковнигі Әуелхан Дінмұхамедтің айтуынша, бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестріне тіркелді. "Белгісіз біреулер аяқ-киім дүкенінде шамамен сағат 17.15-те 1985 жылғы әйелдің әмиянын ұрлап кеткен. Онда 60 мың теңге болған. Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестріне тіркелді. Сонымен қатар, қылмыстық істің материалдарына видеобақылаудағы деректер де тіркелді. Жедел тергеу тобы құрылды. Бұл видео кінәні дәлелдеуге айқын дәлел", - деді полиция подполковнигі Tengrinews.kz тілшісіне.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети